Дүниежүзі бойынша 300 миллионнан астам адамды зардап шектіретін АЖҚТА
барлық ұлттар мен нәсілдерге қауіп-қатер төндіретін ауру1.
Мерзімінен бұрын пайда болатын жүрек-қан тамырлары ауруларының 80% алдын алуға болады2. АЖҚТА-ның шындығын ашу арқылы біз бұл дерттің ағымын және «Көрінбейтін халықтың» тағдырын өзгерте аламыз.
Адамдарды АЖҚТА-ның қауіп-қатер факторлары мен салдары
туралы хабардар ету жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі
Қауіп-қатерге кімдер ұшырайды?
Жыныс ерекшеліктері
Темекі шегу
Артық салмақ
Жоғары қан қысымы
Қант диабеті
Дене шынықтырумен айналыспау
Жақын туыстарлардың ішінде миокард инфарктісіне ұшыраған 55 жасқа жетпеген ерлер, 65 жасқа жетпеген әйелдер
Жас ерекшеліктері
Қолымыздан келетін шаралар
АЖҚТА-ға әкелетін кейбір себептер біздің бақылауымыздан тыс, бірақ біз басқара алатын бірнеше қауіп факторлары бар. Оларға назар аударып, біз АЖҚТА-ның даму қаупін айтарлықтай төмендете аламыз.
Дене белсенділігі
Көбірек қозғалуға және отырықшы өмір салтын азайтуға тырысыңыз. Лифттің орнына баспалдақпен жүру сияқты кішігірім нәрселер сіздің денсаулығыңызға үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін. Белсенді өмір салты – жүрек бұлшықетін нығайтудың, холестерин деңгейін, дене салмағын және қан қысымын төмендетудің, ең бастысы, хал-жағдайыңызды жақсартудың тамаша тәсілі.
Жүрекке пайдалы тамақтану
Қаныққан майды, алкогольді, қант пен тұзды тұтынуды шектеу холестеринді, қан қысымын, дене салмағын және қант диабетінің даму қаупін төмендетуге көмектеседі.
Стресспен күресу
Стресс немесе мазасыздық стенокардия немесе кеуде ауыруы сияқты белгілерді тудыруы мүмкін, бірақ стресспен күресу жолдарын дамыту оның денсаулығына әсерін азайтуға көмектеседі.
Темекі шегуді тоқтату
Темекі шегу жүрек ауруларының даму қаупін екі есе арттырады. Егер сіз темекі шегетін болсаңыз, сіз жасай алатын ең маңызды нәрсе – темекіні тастау!
Тұрақты тексерістерден өту
Дәрігерге барып, қан қысымыңызды және холестерин деңгейіңізді тексеріңіз. Әрбір адам, ерлер 35 жастан, әйелдер 45 жастан бастап, холестерин деңгейін анықтауға арналған алғашқы скринингтік сынақтан өтуі керек6. Қан қысымды 2 жыл сайын тексеріп тұру керек7. Жоғары қауіп-қатер тобындағы адамдарға жиірек тексеріліп тұру ұсынылады: мысалы, холестерин деңгейін төмендететін дәрілерді қабылдап жүрген адамдар жыл сайын холестерин деңгейіне талдаудан өтіп тұруы керек8.
«Жақсы» және «жаман» холестерин
Холестерин – ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет майлы зат. Холестериннің белгілі бір мөлшері денсаулығыңызға пайдалы, алайда қанда холестерин тым көп болса, ағза бұл артықшылыққа төтеп бере алмауынан, ол артерия тамырлардың қабырғаларына жабысып, атерома (майлы материал немесе түйіншек) түзеді. Ол бүкіл ағзаға липопротеидтер деп аталатын молекулалармен тасымалданады. Уақыт өте келе атерома түріндегі жиналған май тамырларды тарылтуы мүмкін. Бұл процесс атеросклероз деп аталады, ол инфарктке немесе инсультке әкелуі мүмкін.
«Жақсы» холестерин немесе тығыздығы жоғары липопротеидтер холестерині (ТЖЛП холестерині) «жаман» холестеринді тамырларыңыздан шығаруға көмектеседі. ТЖЛП холестеринінің жоғары деңгейі жүрек ауруларынан қорғайды.
«Жаман» холестерин немесе тығыздығы төмен липопротеидтер холестерині (ТТЛП холестерині) тамырларыңызда май қыртыстарының жиналуына (атеросклероз) ықпал етеді. Уақыт өте келе бұл жинақ артерияларыңыздың қатаюына және тарылуына әкеледі, бұл инфарктқа немесе инсультке әкелуі мүмкін.
Тым көп «жаман» холестерин (ТТЛП холестерині) АЖҚТА-ның негізгі себебі болып табылады.
Мәселе холестеринде ғана ма?
«Жақсы» және «жаман» холестеринге қосымша, АЖҚТА-дың себебі басқа майлар болуы мүмкін:
- Триглицеридтер – холестеринмен бірге қан ағысында айналатын майлар. Триглицеридтердің жоғары деңгейі АЖҚТА-ның даму қаупін арттыратыны белгілі9.
- (А) липопротеиндер құрылымы бойынша ТТЛП холестериніне өте ұқсас10. (А) липопротеиндер түйіншектердің пайда болуына әкелуі мүмкін, ал олардың жоғары деңгейі негізінен тұқым қуалайтын себептерге байланысты11. Бұл көрсеткішті өмірде кемінде бір рет өлшеу ұсынылады.
- Тығыздығы жоғары емес липопротеидтер холестерині (ТЖЕЛП холестерині) «жаман» холестериннің тағы бір көрсеткіші болып табылады және триглицеридтер деңгейі жоғары, қант диабетіне, семіздікке шалдыққан немесе ТТЛП деңгейі өте төмен адамдарда АЖҚТА қаупін бағалау үшін қолданылады.
Қауіп-қатерлерді азайту: керекті деңгей
Кейбір адамдардың ТТЛП холестерині деңгейі тым жоғары болып, дәрі-дәрмекпен емделу қажет болса, олардың өмір салтын өзгерту арқылы ұсынылған холестерин деңгейіне қол жеткізе алмайтындарын ескеру маңызды12. Дәрі-дәрмекпен емдеу жаттығуларды, демалысты және теңдестірілген диетаны алмастырмайды, бірақ оларды толықтырады. Дәрігер ТТЛП холестериннің төмендету үшін әртүрлі емдеу әдістерін тағайындауы мүмкін. Дәрігердің Сізге қай дәрілік заттың лайықты екенін анықтауы маңызды. Өмір салтына позитивті өзгерістерді енгізу және тиісті дәрі-дәрмекпен емделу АЖҚТА-ның асқынуын баяулатады13. Бұл инсульт пен инфаркт сияқты жүрек ауруларының қаупін азайтуға көмектеседі.
- Kronenberg, F. (2021). Lipoprotein(a). In: von Eckardstein, A., Binder, C.J. (eds) Prevention and Treatment of Atherosclerosis. Handbook of Experimental Pharmacology, vol 270. 201-232. Springer, Cham. https://doi.org/10.1007/164_2021_504
- McNeal CJ, Peterson AL. Lipoprotein (a) in Youth. [Updated 2020 Feb 9]. In: Feingold KR, Anawalt B, Boyce A, et al., editors. Endotext [Internet]. South Dartmouth (MA): MDText.com, Inc.; 2000-. Available from: https://www.ncbi.nlm.nih.gov/books/NBK395570/
- Cybulska B, Kłosiewicz-Latoszek L, Penson PE, Banach M. What do we know about the role of lipoprotein(a) in atherogenesis 57 years after its discovery?. Prog Cardiovasc Dis. 2020;63(3):219-227. doi:10.1016/j.pcad.2020.04.004
- Wilson DP, Jacobson TA, Jones PH, et al. Use of Lipoprotein(a) in clinical practice: A biomarker whose time has come. A scientific statement from the National Lipid Association. J Clin Lipidol. 2019;13(3):374-392. doi:10.1016/j.jacl.2019.04.010
- Tsimikas S, Fazio S, Ferdinand KC, et al. NHLBI Working Group Recommendations to Reduce Lipoprotein(a)-Mediated Risk of Cardiovascular Disease and Aortic Stenosis. J Am Coll Cardiol. 2018;71(2):177-192. doi:10.1016/j.jacc.2017.11.014
АЖҚТА тарих призмасы тұрғысынан
Learn more here.
Біздің миссиямыз
АЖҚТА-ны денсаулық сақтау саласындағы шұғыл ғаламдық дағдарыс деп жариялау және стереотиптерді бұзу үшін «Көрінбейтін халық» жүрек-қан тамырлары ауруларымен күресетін емделушілер ұйымдары мен мүдделі тараптардың ғаламдық желісін біріктіруге тырысады.
АЖҚТА төңірегінде аса қажетті дискурсты жандандыруға және мүдделі тараптардың, соның ішінде денсаулық сақтау жүйелерінің әлемдегі басты өлім-жітім себебін жою үшін бірлесіп жұмыс істеу жолдарын «Көрінбейтін халық» қайта қарауға көмектеседі.
АЖҚТА бойынша басып шығарылатын инфографиканы жүктеп алыңыз.
Дереккөздер:
- Рот Г.А., Менса Г.А., Джонсон К.О. және т.б. Жүрек-қан тамырлары ауруларының ғаламдық ауыртпалығы және қауіп-қатер факторлары, 1990-2019: GBD 2019 зерттеуінің жаңартылған дерегі [түзету Америка кардиологтары алқасының журналында жарияланды. 2021, 20 сәуір;77(15):1958- 1959]. Америка кардиологтары алқасының журналы. 2020; 76(25):2982-3021.
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ). Жүрек-қан тамырлары аурулары. Деректер және статистика. Сілтемесі:https://www.euro.who.int/en/health-topics/noncommunicable-diseases/cardiovascular-diseases/data-and-statistics.[Соңғы қаралған күні: 2021, қыркүйек].
- Ұлттық денсаулық институттары (NIH). Ұлттық жүрек, өкпе және қан институты. Атеросклероз. Сілтемесі: https://www.nhlbi.nih.gov/health-topics/atherosclerosis#:~:text=Atherosclerosis%20usually%20doesn't%20cause,and%20symptoms%20of%20the%20disease. [Соңғы қаралған күні: 2021, қыркүйек].
- Сун П., Фан Ц., Ван Х. және т.б. Ұйқы күретамырлары атеросклерозының ғаламдық және аймақтық таралуы, ауыртпалығы және даму қауіпі факторлары: жүйелі шолу, мета-талдау және үлгілік зерттеу. Lancet. Дүниежүзілік денсаулық 2020; 8(5):e721-e729. doi:10.1016/S2214-109X(20)30117-0.
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ). Жүрек-қан тамырлары аурулары (ЖҚТА). Сілтемесі:https://www.who.int/news-room/fact-sheets/detail/cardiovascular-diseases-(cvds). [Соңғы қаралған күні:
2021, тамыз]. - Холестерин деңгейіне талдау және оның нәтижелері. MedlinePlus веб-сайтынан алынды. Сілтемесі: https://medlineplus.gov/ency/patientinstructions/000386.htm. [Соңғы қаралған күні: 2021 ж. қыркүйек].
- 40 пен 64 жас аралығындағы ер адамдарға арналған медициналық тексерулер. MedlinePlus веб- сайтынан алынды. Сілтемесі: https://medlineplus.gov/ency/article/007465.htm. [Соңғы қаралған күні: 2021, қыркүйек].
- Холестерин деңгейіне талдаудан өту. Heart UK. Сілтемесі: https://www.heartuk.org.uk/cholesterol/getting-a-cholesterol-test. [Соңғы қаралған күні: 2021, қыркүйек].
- Триглицеридтер: олар неліктен маңызды? Майо клиникасының веб-сайтынан алынды. Сілтемесі: https://www.mayoclinic.org/diseases-conditions/high-blood-cholesterol/in-depth/triglycerides/art-20048186#:~:text=High%20triglycerides%20may%20contribute%20to,of%20the%20pancreas%20(pancreatitis).. [Соңғы қаралған күні: 2021, қыркүйек].
- Липопротеиндерге қан талдауы. MedlinePlus веб-сайтынан алынды. Сілтемесі: https://medlineplus.gov/lab-tests/lipoprotein-a-blood-test/. [Соңғы қаралған күні: 2021, қыркүйек].
- Мараньян Р.К., Карвалью П.О., Струнц К.К. және Пиледжи Ф. Липопротеиндер: құрылымы, патофизиологиясы және клиникалық аспектілері. Бразилиялық кардиологтардың мұрағаты. 2014;103(1):76-84.
- Мах Ф., Байджент С., Катапано А.Л. және т.б. Еуропа кардиологтары қоғамының (ESC) ғылыми құжаттар топтамасы. Еуропа кардиологтары қоғамының (ESC) және Еуропалық атеросклероз қоғамының (EAS) дислипидемияны емдеуге арналған ұсыныстары. 2019.: жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайту үшін липидтерді түрлендіру. Еуропалық жүрек журналы. 2020;41(1):111- 188.
- Лансберг П., Ли А., Ли З.В., Субраманьям К., Сетия С. Статиндерді қабылдаудан бас тарту: «таблеткасыз» араласудың жекелеген стратегиялары. «Қан тамырларының саулығы және қауіп- қатерлерді басқару» газеті. 2018;14:91–102.
Thank you for your interest in Invisible Nation. Please complete the optional fields below if you would like to receive updates as new documents and programs are added.
бөлісу