АЖҚТА-ның ақиқатын бірге ашып,

зардап шеккендердің ұзағырақ және сапалырақ өмір сүруін бірлесіп қамтамасыз ете аламыз.

«Көрінбейтін халық» бағдарламасының мақсаты – атеросклероздық жүрек-қан тамырлары ауруының (АЖҚТА) жасырын созылмалы дерт ретіндегі шындықтары, сондай-ақ оның жеке және әлеуметтік контексттегі салдары туралы білу үшін жүрек-қан тамырлары ауруларымен күрес жөніндегі қауымдастықты біріктіру1. «Көрінбейтін халық» бағдарламасы жүрек ұстамалардың, инсульттердің және өлім-жітімнің осы негізгі себебі туралы хабардарлықты арттыру арқылы бақыланбайтын АЖҚТА-ның ауыртпалығын жеңілдету, сондай-ақ осы ауруға шалдыққан адамдардың емделудің жақсы нәтижелеріне қол жеткізуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтау үшін пікірталас тудыруды, әрекеттерге ынталандыруды және жүйелі өзгерістерді белсендіруді көздейді.
Heart

АРАМЫЗДА

300 МИЛЛИОННАН АСТАМ

АДАМ АЖҚТА-ҒА ШАЛДЫҚҚАН2

Heartbeat

ЖЫЛ САЙЫН

15 МИЛЛИОННАН АСТАМ

АДАМ КӨЗ ЖҰМАДЫ1

Hand

МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БОЛАТЫН ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫ

АУРУЛАРЫНЫҢ 80% АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ5

Айтарлықтай таралуына қарамастан, АЖҚТА денсаулық сақтау саласындағы әлі де көзге көрінбейтін үлкен мәселе болып табылады.

«Көрінбейтін халық» саны көзге түспей өсіп келеді.

АЖҚТА: қауіп-қатер төндіретін және жиі ескерілмейтін ауру

Тұтастай алғанда, атеросклероздық жүрек-қан тамырлары ауруы (АЖҚТА) даусыз әсеріне қарамастан, белгісіз болып саналады. АЖҚТА – бұл артериялардың қабырғаларында майлы шөгінділердің (түйіншектер) жиналуынан туындаған, артериялардың бітелуіне әкелетін әртүрлі жүрек-қан тамырлары ауруларын сипаттау үшін қолданылатын жалпы термин1. Көп адам түйіншек күтпеген жерден үзіліп, инфарктқа, инсультке немесе өлімге әкелмейінше, айрықша симптомдарды сезбейді. АЖҚТА инфаркт пен инсультке және жүрек-қан тамырлары ауруларына байланысты 85% өлім-жітімнің негізгі себебі болып табылады1.

АЖҚТА-ның дамуына көптеген факторлар, соның ішінде отбасылық анамнез (генетика), темекі шегу, артық салмақ, жүріс-тұрысы аз өмір салты, дұрыс тамақтанбау, холестериннің жоғары деңгейі, жоғары қан қысымы және диабет әсер етуі мүмкін1. Ересектердің шамамен 40%-ында АЖҚТА-дың даму қаупі бар. Сонымен қатар, инфаркт немесе инсульт сияқты жүрек-қан тамырлары жағынан көрініс пайда болғанша ауру тым жиі анықталмай қалады3.

ASCVD Threatening and too often overlooked

Неге тап қазір? Өйткені біз қазіргі жағдайды өзгертуіміз керек

Айтарлықтай таралуына қарамастан, АЖҚТА денсаулық сақтау саласындағы әлі де көзге көрінбейтін үлкен мәселе болып табылады. Біз қоғамдық денсаулық сақтаудың қатерлі ғаламдық мәселесі ретіндегі АЖҚТА-ның маңыздылығын арттыруымыз керек, өйткені «Көрінбейтін халық» қауымдастығы қазіргі уақытта байқалмағандығымен, анықталуы мүмкін болатынына қарамастан қатерлі аймақта тұр.

НЕНІ БІЛУ КЕРЕК

ASCVD deserves urgent attention at a global scaleАЖҚТА бүкіл әлемде шұғыл назар аударуды қажет етеді. Бірлесіп осы көзге көрінбейтін дерттің ауыртпалығын жеңілдете аламыз. Осы қоғамдық денсаулық сақтаудың ғаламдық мәселесін денсаулық сақтау саласының күн тәртібіндегі бірінші орынға қоятын кез келді.

НЕНІ БІЛУ КЕРЕК

We aim to improve patient outcomes around the worldӘрекет ету ұзаққа созылуы мүмкін, бірақ уақыт біз жақта емес, АЖҚТА-ның ауыртпалығы күн санап артуда. Миссиямызды жергілікті деңгейде жүзеге асыру және бейімдеу мақсатында жеке тұлғалар мен ұйымдарды оқыту және құралдармен жабдықтау арқылы біз бүкіл әлем бойынша емделушілердің нәтижелерін жақсартуға тырысудамыз.

НЕНІ БІЛУ КЕРЕК

Give a voice to the Invisible Nation communityЖаһандық және жергілікті жүрек-қан тамырлары қауымдастығын жұмылдыра отырып, біз «Көрінбейтін халық» қауымдастығына өз дауысымызды береміз, ал осы жаңартушыларды ескертуге және АЖҚТА мәселесін шешу үшін жүйелі өзгерістерді белсендіруге мәжбүр етеді.

Өзгерістерге жұмылдыру

Біз талқылау, білім беру және хабардар ету арқылы өзгерістерге бірге жетеміз.

Түсіну

Біз ғаламдық деңгейде назар аударуды қажет ететін барлығымызға зардабын тигізуі ықтимал АЖҚТА-ны жақсырақ түсіндіруге тырысамыз. Жергілікті билік органдарымен және денсаулық сақтау мекемелерімен сындарлы әңгімелесуге қажетті ақпарат пен дәлелдемелерді ұсына отырып, біз бұл көрінбейтін аурудың ауыртпалығын көрсетеміз. Қосымша ақпарат алу үшін «Сұрақтар мен жауаптар» бөліміне өтіңіз.

Қолдау

Біз АЖҚТА-ға шалдыққан адамдарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Емделушілер, ұйымдар мен басқа да мүдделі тараптардың белсенді қатысуы арқылы ғана жетістікке жетуге болады. Біз сіздің аймағыңыздағы миссиямызды жүзеге асыру арқылы «Көрінбейтін халық» қозғалысын құруға көмектесеміз (Global Heart Hub бөлігі болып табылатын пациент ұйымдарының тізімін алу үшін осы жерді басыңыз немесе біздің қолдаушы қауымдастығына қосылыңыз).

Науқастың мүддесін қорғау

Біз бүкіл әлем бойынша АЖҚТА-ның әсеріне қарсы күресе отырып, осы аурумен өмір сүріп жүрген адамдарды жақсы болжаммен қамтамасыз ету үшін оның маңыздылығын денсаулық сақтау саласының қатерлі ғаламдық мәселесі деңгейіне дейін арттыруымыз қажет. АЖҚТА-ға шалдыққан адамдардың мүддесін жергілікті деңгейде қорғау олардың өмірі үшін маңызды.Сіз жүрек-қан тамырлары ауруларымен күрес жөніндегі қауымдастықтағы емделушінің мүддесін қорғаушы, емделуші немесе кәсіби ұйымсыз ба? Өз аймағыңыздағы жағдайды қалай айтарлықтай өзгертуге болатынын білу үшін осы жерді басып, «Көрінбейтін халық» нұсқаулықпен танысып шығыңыз.

Ақпараттың таралуы

Осы ақпаратпен таныстарыңызбен бөлісу арқылы «Көрінбейтін халықтың» көрінуіне көмектесе аласыз.

Дереккөздер:

  1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ). Жүрек-қан тамырлары аурулары (ЖҚТА). Сілтемесі:https://www.who.int/news-room/fact-sheets/detail/cardiovascular-diseases-(cvds). [Соңғы қаралған күні: 2021, тамыз].
  2. Рот Г.А., Менса Г.А., Джонсон К.О. және т.б. Жүрек-қан тамырлары ауруларының ғаламдық ауыртпалығы және қауіп-қатер факторлары, 1990-2019: GBD 2019 зерттеуінің жаңартылған дерегі [түзету Америка кардиологтары алқасының журналында жарияланды. 2021, 20 сәуір;77(15):1958- 1959]. Америка кардиологтары алқасының журналы. 2020; 76(25):2982-3021.
  3. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ). Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және олармен күресу бойынша дүниежүзілік атлас. 2011. Сілтемесі: https://www.who.int/publications/i/item/9789241564373. [Соңғы қаралған күні: 2021, тамыз].
  4. Баркера С., Педроса-Тобиас А., Медина К. және т.б. Атеросклероздық жүрек-қан тамырлары ауруларының эпидемиологиясына ғаламдық шолу. Медициналық зерттеулер мұрағаты. 2015; 46(5):328-338.
  5. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ). Жүрек-қан тамырлары аурулары. Деректер және статистика. Сілтемесі: https://www.euro.who.int/en/health-topics/noncommunicable- diseases/cardiovascular-diseases/data-and-statistics. [Соңғы қаралған күні: 2021, тамыз].