СІЗ ЖАҒДАЙҒА ӘСЕР ЕТІЛЕ АЛАСЫЗ
Атеросклероздың немесе атеросклероздық жүрек-қан тамырлары ауруының ауыртпалығы (АЖҚТА медициналық қысқармасымен белгілі) нақты және ол күшейіп келеді. Бұл дүниежүзінде 300 миллионнан астам адамға қатысы бар денсаулық сақтау проблемасы1 Ол денсаулық сақтау саласын өзгертуге атсалысып жүрген тұлғалардың, сондай-ақ ел үкіметі тарапынан шұғыл шешілуді қажет етеді.
Егер Сіз науқастың мүддесін қорғаушы, емделушілер ұйымының немесе жүрек-қан тамыр ауруларымен күрес жөніндегі қауымдастықтың кәсіби ұйымының өкілі болсаңыз, Сіз осы «көрінбейтін халықтың» дауысы ретінде жағдайды жақсы жағына қарай өзгертуге көмектесе аласыз.
АЖҚТА-ға назар аудару және ол туралы хабардар ету арқылы Сіз дүниежүзіндегі инфаркт, инсульт немесе өлім қаупі бар адамдарға арналған әрекеттер мен шешімдерді қолдайсыз. Жүйелі өзгерістерге әкелетін және АЖҚТА-ны денсаулық сақтау саласының күн тәртібіндегі бірінші орынға қоятын қозғалыстың бөлігі болыңыз.
Бұл бөлімнен Сіз хабардарлығыңызды арттыруға және еліңіздегі науқастың мүддесін қорғауға көмектесетін ақпарат пен құралдарды, соның ішінде талаптарыңызға маңыздылық бере алатын мүдделі тараптарды таба аласыз.
Көбірек пайдалы құралдар мен мазмұнды мерзімді қосып отырамыз. Жаңартылымдарды қарап жүріңіз.
НАУҚАСТЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУДЫҢ ӘСЕРІ
Еліңіздегі АЖҚТА-мен ауыратын науқастың және «Көрінбейтін халықтың»
мүдделерін қорғау арқылы жағдайды қалай өзгертуге болады
Өзгеріс жасау үшін Сіз АЖҚТА барлық басқа аурулардан ерекшеленетіндей етіп өз ойыңызды жеткізуге тырысып, өзіңізге назар аудартуыңыз керек. Денсаулық сақтау саласына өзгерістер енгізетіндердің (мысалы, үкіметтер және басқа шешім қабылдаушылар) назар аударуды қажет ететін көптеген мәселелері бар, сондықтан олар нені қолдау керектігін таңдауы керек. Науқастың мүддесін қорғау АЖҚТА-ны назар аударуды және шұғыл әрекетті қажет ететін денсаулық сақтау проблемасы ретінде көрсетуге көмектеседі.
Позитивті өзгерістерді қамтамасыз ету
Науқастың мүддесін қорғай отырып, Сіз:
01 | АЖҚТА ауқымы және оның Сіздің еліңіздегі жеке адамдар мен отбасылардың денсаулығына айтарлықтай әсері туралы хабардарлықты арттырасыз; |
02 | АЖҚТА проблемасын шешудің жаңа тәсілдерін енгізесіз; |
03 | Еліңіздегі АЖҚТА-мен ауыратын адамдардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартасыз; |
04 | АЖҚТА бақылауға алуға қол жеткізесіз, статистиканы жақсартасыз. |
- АЖҚТА ауқымы және оның Сіздің еліңіздегі жеке адамдар мен отбасылардың денсаулығына айтарлықтай әсері туралы хабардарлықты арттырасыз;
- АЖҚТА проблемасын шешудің жаңа тәсілдерін енгізесіз;
- Еліңіздегі АЖҚТА-мен ауыратын адамдардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартасыз;
- АЖҚТА бақылауға алуға қол жеткізесіз, статистиканы жақсартасыз.
Емделушілердің мүддесін қорғау негіздері

Мәселенің мәніне жету: АЖҚТА бойынша талқылауға арналған негізгі идеялар мен тезистер Сіздің арқауыңыз болады.

Проблема туралы ойды тұжырымдау: Осы бөлімдегі АЖҚТА деректері мен сандарын пайдаланыңыз, бірақ өз еліңіздегі проблеманың ауқымын бағалауға көмектесетін сандарды келтіруді ұмытпаңыз.

Топты жұмылдыру: Сізбен бірге науқастың мүддесін қорғауға дайын медицина мамандары мен емделушілерді тарту әртүрлі көзқарастарды жеткізуге көмектеседі.

Өзгерістер енгізушілермен пікірталас тудыратын дұрыс ортаны жасау үшін АЖҚТА туралы хабардарлықты арттырыңыз. Тезистеріңіздің кеңінен таралуы мен танымалдылығы үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысыңыз және әлеуметтік желілерді пайдаланыңыз.

Меншікті жеке зерттеулер жүргізіңіз: Өз ойыңызды жеткізуге, көрінуіңізге және әсер етуіңізге септігін тизуі мүмкін АЖҚТА-мен ауыратын шешім қабылдауға қабілетті тұлғаларды, саясаткерлерді немесе жергілікті ықпалды тұлғаларды шақыруға болады.

Сізге қажет нәрсенің бәрі дайын болғаннан кейін, бастай беріңіз! Үкіметтің негізгі мүшелерімен және басқа да мүдделі тараптармен кездесулер ұйымдастырыңыз. Өзіңіздің жергілікті өкіліңізден бастап, еліңіздегі денсаулық сақтау саясатына жауапты шешім қабылдаушы басқа тұлғаларға ауыса аласыз.
НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР / СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
Түсінікті, қарапайым және қысқа идеялардың маңызы зор және олар науқастың мүддесін тиімді қорғаудың негізі болып табылады. Олар Сіздің анықтамалық нұсқаулығыңыз болады.
Нақты идеялар жинағы Сізге АЖҚТА және «Көрінбейтін халық» туралы әңгімелеп беруге және бұл мәселенің неліктен маңызды екенін бүкіл аудиторияға жеткізуге көмектеседі. Негізгі идеялардың бірізділігі мен қайталануы сол идеялардың тыңдалуы үшін маңызды екенін есте ұстаған жөн.
Негізгі идеяларды мүмкіндігінше жиі пайдаланыңыз – әлеуметтік желілерде, сөйлеген сөздеріңізде, шешім қабылдаушы тұлғалармен немесе саясаткерлермен әңгімелескенде, баспасөз хабарламаларында немесе БАҚ өкілдерімен сұхбаттасқанда. «Сұрақтар мен жауаптар» бөлімінен Сізге қойылуы мүмкін сұрақтардың жауаптарын таба аласыз. Максималды нәтижеге қол жеткізу үшін идеялар мен жауаптарды жергілікті жағдайларға және аурулардың ауыртпалығына бейімдеңіз.

POSITIONING THE INVISIBLE NATION AND ASCVD
To elevate awareness of ASCVD and create an understanding about who the Invisible Nation is, you will need to have a good understanding of the topic. You’ll also want those you are advocating to want to know more about it.
Here are some downloadable and printable materials, including an ASCVD fact sheet, talking points and an infographic to get you started.

CREATING AWARENESS
When it comes to advocacy, creating background noise when you reach out to government or decision makers is a plus. Whether it is through traditional media or social media, elevating ASCVD on different public platforms is important so that people in your country understand what it is and the seriousness of the problem.
Creating social media posts for different platforms such as Twitter, Facebook, LinkedIn or Instagram will allow you to reach a broad audience. The more you post, the more visibility you will bring to ASCVD and the Invisible Nation.
Encourage people to like and share your posts. Expanding the movement is the best way to bring attention!
Here is some social media content to get you started.

JOIN GLOBAL HEART HUB
All cardiovascular disease patient groups and organisations across the world are welcome to be part of the Global Heart Hub. Affiliation is FREE and is open to all heart patient organisations.
References:
- Roth GA, Mensah GA, Johnson CO, et al. Global Burden of Cardiovascular Diseases and Risk Factors, 1990-2019: Update From the GBD 2019 Study [published correction appears in J Am Coll Cardiol. 2021 Apr 20;77(15):1958-1959]. J Am Coll Cardiol. 2020;76(25):2982-3021.
Thank you for your interest in Invisible Nation. Please complete the optional fields below if you would like to receive updates as new documents and programs are added.