СІЗ ЖАҒДАЙҒА ӘСЕР ЕТІЛЕ АЛАСЫЗ
Атеросклероздың немесе атеросклероздық жүрек-қан тамырлары ауруының ауыртпалығы (АЖҚТА медициналық қысқармасымен белгілі) нақты және ол күшейіп келеді. Бұл дүниежүзінде 300 миллионнан астам адамға қатысы бар денсаулық сақтау проблемасы1 Ол денсаулық сақтау саласын өзгертуге атсалысып жүрген тұлғалардың, сондай-ақ ел үкіметі тарапынан шұғыл шешілуді қажет етеді.
АЖҚТА-ға назар аудару және ол туралы хабардар ету арқылы Сіз дүниежүзіндегі инфаркт, инсульт немесе өлім қаупі бар адамдарға арналған әрекеттер мен шешімдерді қолдайсыз. Жүйелі өзгерістерге әкелетін және АЖҚТА-ны денсаулық сақтау саласының күн тәртібіндегі бірінші орынға қоятын қозғалыстың бөлігі болыңыз.
Бұл бөлімнен Сіз хабардарлығыңызды арттыруға және еліңіздегі науқастың мүддесін қорғауға көмектесетін ақпарат пен құралдарды, соның ішінде талаптарыңызға маңыздылық бере алатын мүдделі тараптарды таба аласыз.
НАУҚАСТЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУДЫҢ ӘСЕРІ
Өзгеріс жасау үшін Сіз АЖҚТА барлық басқа аурулардан ерекшеленетіндей етіп өз ойыңызды жеткізуге тырысып, өзіңізге назар аудартуыңыз керек. Денсаулық сақтау саласына өзгерістер енгізетіндердің (мысалы, үкіметтер және басқа шешім қабылдаушылар) назар аударуды қажет ететін көптеген мәселелері бар, сондықтан олар нені қолдау керектігін таңдауы керек. Науқастың мүддесін қорғау АЖҚТА-ны назар аударуды және шұғыл әрекетті қажет ететін денсаулық сақтау проблемасы ретінде көрсетуге көмектеседі.
Позитивті өзгерістерді қамтамасыз ету
Науқастың мүддесін қорғай отырып, Сіз:
01 | АЖҚТА ауқымы және оның Сіздің еліңіздегі жеке адамдар мен отбасылардың денсаулығына айтарлықтай әсері туралы хабардарлықты арттырасыз; |
02 | АЖҚТА проблемасын шешудің жаңа тәсілдерін енгізесіз; |
03 | Қазақстанда АЖҚТА-мен ауыратын адамдардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартасыз; |
04 | АЖҚТА бақылауға алуға қол жеткізесіз, статистиканы жақсартасыз. |
- АЖҚТА ауқымы және оның Сіздің еліңіздегі жеке адамдар мен отбасылардың денсаулығына айтарлықтай әсері туралы хабардарлықты арттырасыз;
- АЖҚТА проблемасын шешудің жаңа тәсілдерін енгізесіз;
- Еліңіздегі АЖҚТА-мен ауыратын адамдардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартасыз;
- АЖҚТА бақылауға алуға қол жеткізесіз, статистиканы жақсартасыз.
Емделушілердің мүддесін қорғау негіздері
Мәселенің мәніне жету: АЖҚТА бойынша талқылауға арналған негізгі идеялар мен тезистер Сіздің арқауыңыз болады.
Проблема туралы ойды тұжырымдау: Осы бөлімдегі АЖҚТА деректері мен сандарын пайдаланыңыз, бірақ өз еліңіздегі проблеманың ауқымын бағалауға көмектесетін сандарды келтіруді ұмытпаңыз.
Топты жұмылдыру: Сізбен бірге науқастың мүддесін қорғауға дайын медицина мамандары мен емделушілерді тарту әртүрлі көзқарастарды жеткізуге көмектеседі.
Өзгерістер енгізушілермен пікірталас тудыратын дұрыс ортаны жасау үшін АЖҚТА туралы хабардарлықты арттырыңыз. Тезистеріңіздің кеңінен таралуы мен танымалдылығы үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысыңыз және әлеуметтік желілерді пайдаланыңыз.
Меншікті жеке зерттеулер жүргізіңіз: Өз ойыңызды жеткізуге, көрінуіңізге және әсер етуіңізге септігін тизуі мүмкін АЖҚТА-мен ауыратын шешім қабылдауға қабілетті тұлғаларды, саясаткерлерді немесе жергілікті ықпалды тұлғаларды шақыруға болады.
НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР / СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
Нақты идеялар жинағы Сізге АЖҚТА және «Көрінбейтін халық» туралы әңгімелеп беруге және бұл мәселенің неліктен маңызды екенін бүкіл аудиторияға жеткізуге көмектеседі. Негізгі идеялардың бірізділігі мен қайталануы сол идеялардың тыңдалуы үшін маңызды екенін есте ұстаған жөн.
Негізгі идеяларды мүмкіндігінше жиі пайдаланыңыз – әлеуметтік желілерде, сөйлеген сөздеріңізде, шешім қабылдаушы тұлғалармен немесе саясаткерлермен әңгімелескенде, баспасөз хабарламаларында немесе БАҚ өкілдерімен сұхбаттасқанда. «Сұрақтар мен жауаптар» бөлімінен Сізге қойылуы мүмкін сұрақтардың жауаптарын таба аласыз. Максималды нәтижеге қол жеткізу үшін идеялар мен жауаптарды жергілікті жағдайларға және аурулардың ауыртпалығына бейімдеңіз.
«КӨРІНБЕЙТІН ХАЛЫҚ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ АЖҚТА
Міне, Сізге жұмысты бастауға көмектесетін кейбір жүктеп алуға және басып шығаруға болатын материалдар, соның ішінде АЖҚТА бойынша ақпарат бюллетені, баяндамалар тезистері және инфографика.
ХАБАРДАРЛЫҚТЫ АРТТЫРУ
Twitter, Facebook, LinkedIn немесе Instagram сияқты әлеуметтік желілердегі жазбалар Сізге қалың аудиторияны қамтуға мүмкіндік береді. Неғұрлым көп жазба жарияласаңыз, соғұрлым АЖҚТА мен Көрінбейтін халықты танымал етесіз.
Адамдарды жазбаларыңызға лүпіл басуға және олармен бөлісуге шақырыңыз. Қозғалысты кеңейту – назар аударудың ең жақсы тәсілі!
Міне, Сізге жұмысқа кірісуге көмектесетін, әлеуметтік желілерден алынған кейбір материалдардың мазмұны.
JOIN GLOBAL HEART HUB
All cardiovascular disease patient groups and organisations across the world are welcome to be part of the Global Heart Hub. Affiliation is FREE and is open to all heart patient organisations.
Дереккөздер:
- Roth GA, Mensah GA, Johnson CO, et al. Global Burden of Cardiovascular Diseases and Risk Factors, 1990-2019: GBD 2019 зерттеуінің жаңартылған дерегі [түзету: J Am Coll Cardiol. 2021 Apr 20;77(15):1958-1959]. J Am Coll Cardiol. 2020;76(25):2982-3021.
Thank you for your interest in Invisible Nation. Please complete the optional fields below if you would like to receive updates as new documents and programs are added.