Resources

Recent Events

LinkedIn Live 2023: Global Heart Hub ұйымының Холестериннің жоғары деңгейімен күресу жөніндегі ғаламдық іс-қимылдар жоспары: Мүдделі тараптардың қатысуымен табысты одақтар құру

Атеросклероздық жүрек-қантамырлары ауруы (АЖҚТА) жүрек-қан тамырлары ауруларына байланысты барлық өлім-жітімнің 85%-ына себепші және жыл сайын 15 миллионнан астам адамның өмірін қиятын дүниежүзіндегі өлім-жітімнің басты себебі болып табылады. АЖҚТА-ның негізгі қауіп-қатер факторы – тығыздығы төмен липопротеидтер холестеринінің (ТТЛП-ХС) немесе «жаман» холестериннің) жоғары деңгейі.

Холестериннің жоғары деңгейімен күресу жөніндегі ғаламдық іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру арқылы Global Heart Hub ұйымы АЖҚТА қаупін азайту үшін зиянды холестерин деңгейінің профилактикасы және емдеу әдістеріне өзгерістер енгізуге үміттенеді.

Бұл сараптамалық панельдік пікірталас төрт нақты мақсатты және бір негізгі мақсатты – АЖҚТА-ның ағымдағы ауыртпалығын және болашақ барысын өзгерту үшін холестериннің зиянды деңгейі проблемасының қоғамдық денсаулық сақтаудың басымдылығы ретінде қарастырылуын қамтамасыз етуді көздейтін Холестериннің жоғары деңгейімен күресу жөніндегі ғаламдық іс-қимылдар жоспарын талқылау мақсатында жетекші ойшылдарды біріктіреді.

Осы іс-шара және «Көрінбейтін халық» бағдарламасы Novartis Pharma AG компаниясымен серіктестікте жасалды.

Post ACC Discussion 2023: The Global Heart Hub Global Cholesterol Action Plan

Facebook Live 2022: «Көрінбейтін халық»: АЖҚТА шындықтарын ашу

Бұл панельдік пікірталаста біз жасырын созылмалы ауру ретіндегі АЖҚТА-ның шындықтарын және оның жеке және әлеуметтік тұрғыдағы салдарын ашу мақсатында жүрек-қан тамырлары ауруларымен күрес жөніндегі қауымдастықты қалай біріктіруге болатынын қарастырдық. Инфаркттің, инсульттің және өлім-жітімнің осы негізгі себебі туралы хабардарлықты арттыру арқылы «Көрінбейтін халық» бағдарламасы бақыланбайтын АЖҚТА ауыртпалығын жеңілдету мақсатында пікірталас тудыруды, әрекеттерге ынталандыруды жүйелі өзгерістер
енгізуді көздейді.

Холестериннің жоғары деңгейімен күресу жөніндегі
ғаламдық іс-қимылдар жоспары

In 2022 the Global Heart Hub unveiled its Global Cholesterol Action Plan to reduce the impact of unhealthy cholesterol levels. The Global Cholesterol Action Plan follows and builds upon the World Heart Federation’s Roadmap for Cholesterol published in 2022.

Learn more here.

Global Cholesterol Action Plan

Video material

Other downloadable material

Downloadable and printable materials