Кардиологтар ұйымдарының ғаламдық альянсы зиянды холестеринді қоғамдық денсаулық сақтаудың басымдықты проблемасына айналдыруға арналған Холестериннің жоғары деңгейімен күресу жөніндегі ғаламдық іс-қимылдар жоспарын жариялады.
Global Heart Hub ұйымы дүниежүзіндегі өлім-жітімнің басты себебі – атеросклероздық жүрек-қан тамырлары ауруымен нәтижелі күресу үшін дағдарысты түрленуші қауіп-қатер факторы болып табылатын Холестериннің жоғары деңгейімен күресу жөніндегі ғаламдық іс-қимылдар жоспарын жариялады.
GALWAY, Ирландия, 2022 жылғы 30 қараша – Global Heart Hub бүгін холестериннің зиянды деңгейінің әсерін азайтуға бағытталған Холестериннің жоғары деңгейімен күресу жөніндегі ғаламдық іс-қимылдар жоспарын жариялады. Global Heart Hub ұйымының жыл сайынғы UNITE саммитінде ұсынылған Холестериннің жоғары деңгейімен күресу жөніндегі ғаламдық іс-қимылдар жоспары Дүниежүзілік жүрек федерациясының қазан айында жарияланған Холестериннің жоғары деңгейімен күресу жөніндегі жол картасына негізделген.
Атеросклероздық жүрек-қантамырлары ауруы (АЖҚТА) жүрек-қан тамырлары ауруларына байланысты барлық өлім-жітімнің 85%-ына себепші және жыл сайын 15 миллионнан астам адамның өмірін қиятын дүниежүзіндегі өлім-жітімнің басты себебі болып табылады[i]. АЖҚТА-ның негізгі қауіп-қатер факторы тығыздығы төмен липопротеидтер холестеринінің (ТТЛП-ХСқ немесе «жаман» холестериннің жоғары деңгейі болып табылады.’.
АЖҚТА-ға байланысты жүрек-қан тамырлары жағынан болатын мезгілсіз көріністердің 80%-ның алдын алуға болатынына қарамастан, ТТЛП-ХС-ның деңгейі жоғары көптеген адамдарда инфаркт немесе инсульт сияқты жүрек-қан тамырлары жүйесі жағынан болатын ауыр көріністер орын алмайынша, диагноз қойылмайды. Жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болуы көбінесе темекі шегу, жүріс-тұрысы аз өмір салты және дұрыс емес тамақтану сияқты өмір салты факторларымен байланысты болса да, ересек халықтың 40% дерлік тұқым қуалайтын және генетикалық бейімділікке байланысты ТТЛП-ХС-ның деңгейінің жоғарылау қаупіне ұшырайды.
Холестериннің жоғары деңгейімен күресу жөніндегі ғаламдық іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру арқылы Global Heart Hub ұйымы АЖҚТА қаупін азайту үшін зиянды холестерин деңгейінің профилактикасы және емдеу әдістеріне жергілікті деңгейде өзгерістер енгізуге үміттенеді. Осы уақытқа дейін АЖҚТА-ның алдын алу бойынша халықаралық ұсыныстардың жарияланғанына қарамастан, онымен күресу жөніндегі жергілікті шаралар шектеулі болды. Қорытындылай келе, холестериннің зиянды деңгейі проблемасының қоғамдық денсаулық сақтаудың басымдылығы ретінде қарастырылуын қамтамасыз ету үшін
Global Heart Hub ұйымы өзінің іс-қимылдар жоспарында төрт нақты мақсатқа жетуді көздейді: альянстар құру, халықтың хабардарлығын арттыру, альянстарды іске қосу, сондай-ақ холестериннің жоғары деңгейін анықтау және емдеу әдістерін жетілдіру. Төрт тармақтан тұратын жоспар осы мақсаттарға жету және АЖҚТА-ның алдын алу және емдеу әдістеріне өзгерістер енгізу үшін қабылдануы қажет шараларды ұсынады.
Доктор Шон Гудман, Канаданың Торонто қаласындағы Сент-Майкл ауруханасының кардиология бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары: «АЖҚТА-ның дамуымен байланысты холестериннің зиянды деңгейінің елеулі қауіптері туралы халықтың хабардарлығын арттыру шешуші маңызға ие. Осы ұлғайып келе жатқан проблеманың траекториясын өзгерту үшін холестериннің жоғары деңгейін анықтау әдістерін жетілдіру және медицина қызметкерлерінің жұмысын қолдау стратегияларын жүзеге асыру бойынша үкіметтер мен саясаткерлерді қоса алғанда, көп тараптың көзқарастары қажет».
Нил Джонсон, Global Heart Hub ұйымының атқарушы директоры: «Ғылым мен емдеудегі жетістіктерімізге қарамастан, АЖҚТА әлі де әлемдегі №1 өлтіруші болып табылады, оның негізгі қаруы – холестерин. Холестериннің жоғары деңгейімен күресу жөніндегі ғаламдық іс-қимылдар жоспарының жариялануы атеросклероздық жүрек-қан тамырлары ауруларының жеке адамдарға, қоғамға және денсаулық сақтау жүйелеріне ауыртпалығын азайтуға көмектесу мақсатында, холестериннің зиянды деңгейін төмендету және алдын алу саясатын оңтайландыруға бағытталған емделушілер қауымдастығының үкіметтерге ұжымдық үндеуі болып табылады.
Емделушілер қауымдастығына ғаламдық қолдау көрсету
Дүниежүзілік емделушілер қауымдастығының дауысын естіртетін Іс-қимылдар жоспары АЖҚТА шындықтарын ашу үшін Global Heart Hub және Novartis компаниялары бірлесіп әзірлеген «Көрінбейтін халық» бағдарламасының қолдауымен жасалды. Холестериннің жоғары деңгейімен күресу жөніндегі ғаламдық іс-қимылдар жоспары WomenHeart и The Mended Hearts (АҚШ); Heart Valve Voice Canada, Heartlife Canada компанияларын және Канада кардиологтар альянсын, Instituto Lado a Lado pela Vida (Бразилия), Pacientes de Corazón (Мексика), FH Europe, Croí (Ирландия); Associazione Italiana Scompensati Cardiaci (Италия) и Hearts4Heart (Австралия) қоса алғанда, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа және Австралиядағы емделушілер ұйымдарымен құпталды.
[i] World Health Organization (WHO). Cardiovascular diseases (CVDs). Available at: https://www.who.int/news-room/fact-sheets/detail/cardiovascular-diseases-(cvds).